Қазақстан керлингтен іріктеу турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Қазақстан керлингтен іріктеу турнирінде екінші рет жеңіске жетті
Басқа

ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасы Абердинде (Шотландия) өтіп жатқан керлингтен іріктеу турнирінде өнер көрсетуін жалғастырып жатыр. Отандастарымыз Австрияны 7:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесіп, қарсыласына 1:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліп қалды. Қазіргі уақытта біздің команда А тобында бесінші орында тұр. Төрт кездесудің барлығында жеңіске жеткен Норвегия мен Түркия көш бастап келеді. Бүгін, 10 қарашада, Қазақстан Мексикамен кездеседі. Еске сала кетейік, турнир қорытындысы бойынша үздік алты құрама 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.