Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасында жартылай финалға жолдама алды

Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасында жартылай финалға жолдама алды
Бокс

ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Бүгін, 9 қарашада Қазақстан атынан Ақнұр Тұрсынғали шаршы алаңға шықты. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.