Конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңіне ел құрамасынан кімдер қатысады
Басқа
ҰОК
2026 жылдың 13-15 қарашасы аралығында Қытайдың Бейжің қаласында конькимен жүгіруден 2026/27 жылғы маусымдағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-гн сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының сапында 15 спортшы өнер көрсетеді.
Әйелдер:
- Алина Дауранова
- Мария Деген
- Арина Ильященко
- Алина Шумекова
- Инесса Шумекова
- Кристина Шумекова
- Кристина Силаева
- Дарья Важенина
Ерлер:
- Нуралы Ақжол
- Виталий Щиголев
- Артур Галиев
- Евгений Кошкин
- Никита Важенин
- Вадим Якубовский
- Андрей Зуев
Айта кетейік, әлем кубогының екінші кезеңі 20-22 қараша аралығында Жапонияның Обихиро қаласында өтеді.