14 жастағы боксшы финалдық жекпе-жек кезінде жан тапсырды
Бокс
Ресейдің Первоуральск қаласындағы бокстан ашық біріншілікте 14 жастағы спортшы қайтыс болды, деп жазады Bassport.kz.
Боксшы қарсыласынан бірнеше соққы алған соң, есінен танып қалған.
Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жеткенімен, жеткіншекті құтқару мүмкін болмады. Ол ауыр жарақаттан көз жұмды.
Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себептері анықталуда.