Төрт боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
Абылайхан Жүсіпов/Сурет: Olympic.kz
Дубайда өтіп жатқан бокстан IBA әлем чемпионаты шарықтау шегіне жақындап қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем біріншілігінің финалында төрт қазақ боксшысы, атап айтсақ, Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) және Сабыржан Аққалықов (75 келі) сынға түсіп, алтын жүлдеге таласады.
Олардың финалдағы қарсыластары төмендегідей:
54 келі. Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)
57 келі. Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденко (Ресей)
75 келі. Сабыржан Аққалықов - Исмаил Муцольгов (Ресей)
Ал жалпы әлем чемпионатының финалына Ресейден 12, Өзбекстаннан 6, Қазақстаннан 4, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінен бір спортшыдан шыққан.