Алғашқы Futures Cup: Таиландта бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері белгілі болды

Алғашқы Futures Cup: Таиландта бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері белгілі болды
Бокс

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Бангкокта (Таиланд) World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет Futures Cup халықаралық турнирі өтеді. Бапкерлер штабы аталған байрақты бәсекеге қатысатын ұлттық құрама тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметі. 

Құрам төмендегідей:

Ерлер:

50 келіге дейін: Арман Мырсәбит

55 келіге дейін: Едіге Нұрғожа

60 келіге дейін: Досжан Жұмақан

65 келіге дейін: Даниял Шалқарбай

70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай

75 келіге дейін: Хамза Мақсатұлы

80 келіге дейін: Тимур Тайбеков

85 келіге дейін: Нұрсұлтан Қыстаубай

90 келіге дейін: Жалғас Утебеков

90 келіден жоғары: Владислав Саможонов

Әйелдер

48 келіге дейін: Асылай Мұрат

51 келіге дейін: Айым Танкибаева

54 келіге дейін: Марал Төлепберген

57 келіге дейін: Ақнұр Тұрсынғали

60 келіге дейін: Жасмин Абрамян

65 келіге дейін: Айсұлу Мұхит

70 келіге дейін: Камила Оспанова

75 келіге дейін: Зарина Толыбай

80 келіге дейін: Айдана Убайдуллақызы

Айта кетейік, турнир 8-15 наурыз аралығында өтеді.