Әбиба Әбужақынова татамиге оралады
Әбиба Әбужақынова. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан Әлемдік турға кіретін Гран-при жарысы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бәсекеге әлемнің көптеген мықты дзюдошылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының спортшылары да бар.
Қазақстан Линцтегі жарысқа кеңейтілген құраммен қатысады. Жуырда ғана Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Grand Slam турнирінде құрамда бір ғана әйел спортшы болса, бұл жолы татамиге бірден сегіз қазақстандық дзюдошы қыз шығады. Жалпы, алдағы додада ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Ерлер
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келіге дейін: Айдар Арапов
100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева, Дана Әбдірова
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
70 келіге дейін: Ажар Асхат
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова