Мейвезер мен Пакьяо екінші жекпе-жек өткізетін болды

Мейвезер мен Пакьяо екінші жекпе-жек өткізетін болды
Бокс

Кәсіпқой боксшылар араға 11 жыл салып Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо екінші жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо қыркүйек айында реванш жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы The Ring басылымы хабарлады. Кездесу 19 қыркүйекте Лас-Вегастағы The Sphere аренасында өтеді.

Жеке-жек кәсіпқой бокс кездесуі ретінде тіркелген, алайда салмақ дәрежесі мен раундтар саны бойынша нақты ақпарат жоқ.

Бұл реванш америкалық пен филиппиндік боксшы арасындағы алғашқы кездесуден кейін 11 жылдан астам уақыт өткен соң ұйымдастырылмақ.  2015 жылдың мамыр айында өткен алғашқы жекпе-жекте Мейвезер жеңіске жеткен еді.