Астанада алтыншы мәрте UTLC ICE CUP турнирі өтеді

Астанада алтыншы мәрте UTLC ICE CUP турнирі өтеді
Хоккей

«Барыс Арена» мұз айдыны Еуразия құрлығының жас хоккей жұлдыздары бас қосатын басты орталыққа айналмақ.

«Young Eurasian Stars» ұранымен ұйымдастырылатын UTLC Ice Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі биыл алтыншы рет үздік хоккейшілердің басын қосады.

Тартысты бәсекелер 15-19 сәуір аралығында Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде өтеді. Биылғы бас жүлде үшін айдын иелері - «Барыс» командасымен бірге «Авангард» (Омбы), «Армия СКА» (Санкт-Петербург), «Hokay» (Бейжің), «Динамо-Джуниверс» (Минск) және «Викингтер» (Прага) клубтары таласады.

Алексей Гром, «ОТЛК ЕРА» АҚ бас директоры:

- Спорт мерекесінің барлық қатысушыларын, ұйымдастырушылары мен жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын! Астана қаласының тағы да жасөспірімдер хоккейінің орталығына айналғанына қуаныштымыз. Бұл жерде әлемдік хоккейдің болашағы саналатын дарынды, мақсатшыл әрі қайсар спортшылар жиналған. Біз спорттың халықтар мен мәдениеттерді біріктіретініне, болаттай мінез бен өзара құрметті қалыптастыратынына сенеміз. Осы құндылықтар тек спортта ғана емес, кез келген үлкен істе табысқа жетудің негізі болып табылады. Барлық командаға әділ әрі тартысты ойын, жаңа жетістіктер мен ұмытылмас әсер тілеймін! UTLC Ice Cup 2026 турнирі тек жарыс алаңы емес, достық пен шабыттың мекені болсын!

14 сәуір күні «Барыс Аренаның» баспасөз орталығында турнирдің жеребе тарту рәсімі мен баспасөз мәслихаты өтеді. Жоспар бойынша, топтық кезең ойындары 15-17 сәуір, ал шешуші плей-офф кезеңі 18-19 сәуір күндеріне белгіленген. Бұған дейін турнир жеңімпазы атанған командалар қатарында Ярославльдің «Локомотиві» (2019, 2023 және 2024 жылдары), Мәскеудің ЦСКА клубы (2021 жыл) және Омбының «Авангарды» (2025 жыл) бар.

UTLC Ice Cup – «ОТЛК ЕРА» АҚ-ның жыл сайын Мәскеудегі «РЖД Аренада» өтетін беделді UTLC Cup футбол турнирінен кейінгі екінші спорттық жобасы.