Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс

Улан-Батор қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. Аталған кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай да рингке шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы финал жолдамасын турнир қожайыны — моңғолиялық Бариахаан Доржға қарсы сарапқа салды. Бірінші раундта Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, айқын басымдыққа ие болды. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті Нұрбек Оралбайға берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің финалына жолдама алды, ал Бариахаан Дорж қола жүлдеге ие болды.