Қазақстандық боксшылар WBC рейтингіндегі орындарын білді
Бокс
TR Boxing
World Boxing Council барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Орта салмақта қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды. Бұл дивизионда әлем чемпионы — доминикандық Карлос Адамес. Екінші орында кубалық Йоэнлис Эрнандес орналасса, үздік үштікті француз Билал Джкиту түйіндеп тұр.
Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов өз позициясын сақтап, рейтингтің 37-сатысында қалды.
Ал екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде Бекман Сойлыбаев екі орынға төмендеп, 34-орынға жайғасты.