"Барыс" қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

Хоккей

"Адмирал" - "Барыс". Сурет: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынында астаналық "Барыс" сырт айдында "Адмиралға" қарсы ойнап, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матчтың алғашқы кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтті. Ал екінші жиырма минуттықта Макс Уиллман қорғаушы Джейк Массидің пасынан кейін есеп ашты. Ойынның үшінші бөлігінің басында айдын иелері сан басымдығын жүзеге асырып, таразы басын теңестірді. Кездесу соңына таман "4x4" форматындағы ойын барысында Макс Уиллман мен Тайс Томпсон шабуыл ұйымдастырып, "Барыстың" 9-нөмірлі жейдедегі ойыншысы астаналық ұжымды есепте алға шығарды. Таблодағы осы көрсеткіш ойын соңына дейін өзгеріссіз қалып, Михаил Кравец бастаған ұжым қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

"Адмирал" - "Барыс" - 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 - 33:31 - Уиллман (Масси)

1:1 - 43:34 - Тертышный (Старков, Шулак) СБШ

1:2 - 56:32 - Томпсон (Уиллман, Масси)

Қақпашылар: Кульбаков - Бояркин

Екі команда ертең тағы да Владивостокта кездеседі. Ал дәл қазір астаналық команда қоржынында маусымның 65 ойынынан кейін 53 ұпай бар.