ҚФФ Премьер-лига клубтары мен ойын өкілдеріне жаңа жаза қолданды

ҚФФ Премьер-лига клубтары мен ойын өкілдеріне жаңа жаза қолданды
Футбол

kff

2026 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясы жанындағы Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеттің отырысы өтіп, Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры бойынша бірқатар клубтар мен ресми тұлғаларға жаза тағайындалды.

«Алтайға» айыппұл салынды

«Алтай» ФК командасының бес ойыншысы бір матчта ескерту алғаны үшін клубқа 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл жағдай «Қайсар» футбол клубына қарсы матчта тіркелген.

«Елімайға» ескерту жасалды

«Елімай» ФК – «Астана» ФК матчында ойынның басталуы екі минутқа кешіккені үшін «Елімай» клубына ресми ескерту берілді.

«Ордабасы» да ескерту алды

«Ордабасы» ФК төрешілер көлігінің стадион аумағына кіруін қамтамасыз етпегені үшін ескерту алды. Бұл жағдай «Атырауға» қарсы ойында анықталған.

«Ертіске» 60 АЕК айыппұл

«Ертіс» клубы қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 60 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді. Матч кезінде электронды ауыстыру тақтасы істемеген, өрт сөндіру көлігі болмаған және көрермендерді тексеру талапқа сай жүргізілмеген.

«Қайсар» да жазаланды

«Қайсар» ФК матчтың төрт минутқа кеш басталуына және жанкүйерлердің алаңға бөтен зат лақтырғанына байланысты 60 АЕК айыппұл арқалады.

«Қызылжар» бапкеріне төрт матчтық шеттету

«Қызылжар» ФК бапкерінің көмекшісі Иван Евич матчтың ресми тұлғасына балағат сөз айтқаны үшін 4 матчқа шеттетілді. Оның шеттетілуі 20 сәуірден бастап күшіне енді.

«Ұлытауға» да айыппұл салынды

«Ұлытау» футбол клубы матч алдындағы алаңды суармау, медициналық пункттің толық жабдықталмауы және техникалық аймақта бөгде адамдардың жүруіне байланысты 60 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.