«ПСЖ» мен «Бавария» тоғыз гол соғылған матч өткізді
Чемпионат
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында Германияның «Бавария» командасын 5:4 есебімен жеңді.
Париждегі әйгілі Парк де Пренс стадионында өткен матч аса тартысты өтіп, жанкүйерлерге голға толы керемет ойын сыйлады.
«Пари Сен-Жермен» сапында:
• Хвича Кварацхелия 24 және 56-минуттарда дубль жасады;
• Жоау Невеш 33-минутта гол соқты;
• Усман Дембеле 45+5 минутта пенальтиден және 58-минутта мергендігімен көзге түсті.
Ал «Бавария» құрамында:
• Харри Кейн 17-минутта пенальтиден есеп ашты;
• Майкл Олисе 41-минутта гол салды;
• Дайо Упамекано 65-минутта есеп айырмасын қысқартты;
• Луис Диас 68-минутта тағы бір голмен ойынды жандандырды.
Осылайша, алғашқы кездесуден кейін «Пари Сен-Жермен» финалға шығу жолында аздаған басымдыққа ие болды.
Қарымта матч 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні Мюнхенде өтеді.
Айта кетейік, «Пари Сен-Жермен» — Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымда Луис Энрике шәкірттері финалда Интер Милан клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.