Канелоның команадасында жаттығатын қазақ Чилиде жекпе-жек өткізеді

Канелоның команадасында жаттығатын қазақ Чилиде жекпе-жек өткізеді
Бокс

Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің күнін білді. 

Кездесу 24 сәуір күні Чили астанасы Сантьягода өтеді. Орта салмақтағы (super middleweight) айқаста оның қарсыласы аргентиналық Лукас Брайан Ариель Бастида (24-4-1, 14 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 10 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Стивен Самптерды мерзімінен бұрын жеңген еді.