Өскеменде УЕФА стандарттарына сай жаңа стадион салынады
ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында жаңа футбол стадионының құрылысы жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Жобаға сәйкес, қалада 5 000 орынға арналған, УЕФА талаптарына толық сәйкес келетін жабық стадион салу көзделген. Сонымен қатар, қазіргі таңда Восток стадионы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан биылғы маусымда Премьер-лига матчтарын қабылдауға дайын болады.
Аймақ басшысы өз мәлімдемесінде өңірдегі футбол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, Алтай клубы жоғары дивизионда өнер көрсетіп жатыр және командаға қолдау көрсету алдағы уақытта да жалғасады.
Еске салайық, «Алтай» өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орын алып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған еді.