Қазақстан FIFA Series Кубогын иеленді

Қазақстан FIFA Series Кубогын иеленді
Футбол

Қазақстан құрамасы. Сурет: Tengrinews.kz/Әлімжан Аманжол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің екінші ойынында Қазақстан құрамасы Комор аралдарымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды ойынның 4-минутында Рамазан Оразов соқты. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы максималды алты ұпайды еншілеп, өз алаңында өткізген жарыстың жеңімпазы атанды. Бұған дейін футболшыларымыз Намибия құрамасын 2:0 есебімен жеңген болатын.  

FIFA Series форматындағы жарысқа түрлі конфедерациялардағы командалардың қатысады және турнирлер бір мезетте, бір-бірімен қатар өтеді. Жарыстың басты мақсаты - ұлттық құрамалардың жолдастық кездесулерінің аналогын жасау. Қазақстан құрамасынан өзге, FIFA Series турнирі аясында наурыз айында Өзбекстан (қарсыластары - Тринидада мен Тобаго, Габона мен Венесуэла) мен Әзербайжан (қарсыластары - Сент-Люсия мен Сьерра-Леоне) командалары жеңіске жетті.