Қазақстан құрамасының дзюдодан Азия чемпионатына құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының дзюдодан Азия чемпионатына құрамы жарияланды
Дзюдо

olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы 2026 жылғы дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық құрама сапына 18 спортшы енгізілген. Құрлықтық дода 16–18 сәуір күндері Ордос қаласында өтеді.

Ерлер құрамасы:

• 60 кг: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

• 66 кг: Нұрқанат Серікбаев

• 73 кг: Есет Қуанов

• 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

• 90 кг: Айдар Арапов

• 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Әйелдер құрамасы:

• 48 кг: Диана Бүркеева

• 57 кг: Дана Әбдирова, Бақыт Құсақбаева

• 63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

• 70 кг: Ажар Асхат

• 78 кг: Аруна Жангельдина

• +78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова