Руслан Курбанов әлем Кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Руслан Курбанов әлем Кубогында күміс жүлде жеңіп алды
Семсерлесу

Руслан Курбанов. Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алғаш рет Астанада өткен әлем Кубогының финалында Еуропа чемпионы, украиналық Роман Свичкармен кездесіп, 12:15 есебімен есе жіберді. 

Финалға дейін Руслан Курбанов бейтарап спортшы Дмитрий Швелидзені, португалиялық Филипп Франсуа мен Мигель Франсуаны жеңіп, Олимпиада чемпионы Коки Каноны, жартылай финалда Давид Нагиді жеңді. 

Осылайша, Руслан Курбанов әлем Кубогында екінші орын алды. Бұған дейін отандасымыз осы маусымда Хайденхаймда өткен әлем Кубогының жеңімпазы атанған еді.