Елена Рыбакина маусымда екінші рет Соболенкодан жеңілді
Теннис
Елена Рыбакина. Сурет: Artur Widak/Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың финалдық кезеңінің жолдамасы сарапқа салынған матчта Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасты. Екі сетке жалғасқан ойында әлемнің бірінші ракеткасы 4:6, 3:6 есебімен жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, Елена Рыбакина мен Арина Соболенко осымен маусымда үшінші өзара кездесу өткізді. Аустралия ашық чемпионатында отандасымыз жеңіске жетсе, Индиан-Уэллс пен Майамидегі WTA 1000 турнирлері аясында өткен ойындарда белорусиялық теннисші жеңімпаз атанды.