Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемнің топ-5 қатарына енді
Теннис
Анна Данилина. Сурет: Robert Prange/Getty Images
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина дүниежүзілік рейтингідегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шыққан отандасымыз дүйсенбі күні жаңаратын дүниежүзілік рейтингіде төртінші орынға көтеріліп, әлемнің үздік бес теннисшісі қатарына енеді. Ал егер финалда жеңіске жетсе, онда Данилина жұптық сындағы әлемнің екінші ракеткасы атанады.
Еске салайық, Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Индиан-Уэллстегі "Мастерс" жарысының финалында бақ сынайды.