Анна Данилина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Анна Данилина WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Теннис

Анна Данилина. Сурет: Noushad Variyattiyakkal/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан отандасымыз 1/2 финалда испаниялық-америкалық дуэт Кристина Букша мен Николь Меликар-Мартинезге қарсы ойнап, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық-сербиялық жұп чемпиондық атақты Катерина Синякова - Тейлор Таунсенд дуэтімен сарапқа салады. Жарыс финалы 14 наурызда өтеді деа жоспарланған.