Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді жарыстың жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді жарыстың жартылай финалына шықты
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлемнің үшінші нөмірлі теннисшісі ширек финалда америкалық, дүниежүзілік рейтингіде бесінші орында тұрған Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Отандасымыз ойынның бірінші сетін айқын басымдықпен өз пайдасына жазса - 6:1, екінші партия тағдыры тай-брейкте шешілді - 7:6 (7:4). Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол бұл кезеңде украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнайды.