Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: Lintao Zhang/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA дүниежүзілік рейтингіндегі жағдайын жақсартады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Келер дүйсенбіде жаңаратын дүниежүзілік рейтингте қазақстандық теннисші мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, әлемнің екінші ракеткасы атанады. Отандасымыз бұл нәтижеге Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жарытлай финалына шығуының арқасында қол жеткізді. Ол қоржынындағы 7523 ұпаймен польшалық Ига Швентекті басып озды. Әр Польша өкілі ширек финалда Рыбакинаның келесі қарсыласы Элина Свитолинадан жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. 

Ал әлемдік рейтингте көш басында Беларусь теннисшісі Арина Соболенко келеді.