Елена Рыбакина Masters жарысының 1/8 финалына шықты
Теннис
Елена Рыбакина. Сурет: WTA
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың үшінші айналымында Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездесіп, екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Masters жарысының ширек финалының жолдамасын Елена Рыбакина Аустралия өкілі Талья Гибсонмен сарапқа салады.
Сондай-ақ, Майамидегі бәсекеде қазақстандық теннисшілер арасынан әлемнің тоғызыншв ракеткасын жеңген Александр Шевченко жарыс жолын жалғастырып келеді.