Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Семсерлесу

Федерацияның баспасөз қызметі

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Қылыштасу сайысында Нұрмұхаммед Жайлыбай жартылай финалға дейін жетіп, нәтижесінде қола медаль иеленді. Жартылай финалда ол Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол беріп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы жоғары деңгейдегі нәтижелер көрсетіп, бірқатар мықты қарсыластарын жеңді. Атап айтқанда, ол Даниэль Беркешин (15:6), Мотоки Кавахараны (15:7), Ярослав Борисовты (15:14) және Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.

Айта кетейік, аталған салмақта тағы бір қола жүлдені Ахмед Хешам иеленді. Ал финалда Фуркан Яман америкалық Уильям Морилуды жеңіп, әлем чемпионы атанды.