«Ақтөбе» сапына жас жұлдыз қосылады

Футбол
«Серый CARDINAL» телеграм-арнасы «Ақтөбе» ФК-да болуы мүмкін трансфер жайлы мәлімдеді, деп жазады BasSport.kz.
«Ақтөбе» сапына КОНКАКАФ-2023 Алтын кубогының қатысушысы ауысады. Өз елінде ол болашақ жарқын жұлдыз саналады, - деп жазады дереккөз.
Бұған дейін «Ақтөбе» сапына ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов оралуы мүмкін деген мәлімет тараған.
Айта кетейік, алдағы маусымда ақтөбелік ұжымды Дмитрий Парфенов баптайды, ол Андрей Карповичті алмастырды.
«Ақтөбе» өткен маусымды үшінші орынмен аяқтады.