Анна Данилина Дохадағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Теннис
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында үшінші айналымда жарысты тоқтатты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ширек финалдық кезеңде Данилина ресейлік әріптесі Ирина Хромачевамен бірге ресейлік жұп – Мирра Андреева мен Диана Шнайдерге 4:6, 1:6 есебімен жол берді. Кездесу бір сағат алты минутқа созылды.
Айта кетейік, қазақстандық-ресейлік дуэт Доха турнирінің 7-нөмірлі фавориттері саналған. Бұған дейін олар словакиялық Тереза Михаликова мен британдық Оливия Николлсты, сондай-ақ жапониялық Суко Аояма мен Ери Ходзумиді жарыстан шығарған еді.