Ризабек Айтмұхан Бішкектегі халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
Күрес
Ризабек Айтмұхан. Сурет: UWW
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бішкекте өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде екі медаль иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді.
Сонымен қатар 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков те финалға дейін жетті.
Дегенмен шешуші бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Артур Найфоновқа жол берді. Осылайша ол күмістен алқа тақты.