Күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
Күрес

ҰОК

United World Wrestling (UWW) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Құрлық біріншілігі 6–12 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы аталған додаға үш стиль бойынша қатысады: еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі.

Еркін күрес:

57 кг – Мерей Базарбаев

61 кг – Асыл Айтақын

65 кг – Ади Серікұлы

70 кг – Санжар Досжанов

74 кг – Ернұр Нұрғазы

79 кг – Дәулет Ергеш

86 кг – Болат Сақаев

92 кг – Азамат Дәулетбеков

97 кг – Бекзат Үркімбай

125 кг – Едіге Қасымбек

Грек-рим күресі:

55 кг – Нұрзат Қабдырахимов

60 кг – Ербол Камалиев

63 кг – Сайфулла Құрман

67 кг – Бағдат Сабаз

72 кг – Алматбек Аманбек

77 кг – Қаһарман Қисыметов

82 кг – Ибрагим Магомадов

87 кг – Нұрсұлтан Тұрсынов

97 кг – Ислам Евлоев

130 кг – Джохар Узаров

Әйелдер күресі:

50 кг – Марал Тәңірбергенова

53 кг – Зейнеп Баянова

55 кг – Шұғыла Өмірбек

57 кг – Нилуфар Раимова

59 кг – Виктория Хусаинова

62 кг – Тыныс Дүбек

65 кг – Айжан Суйдуова

68 кг – Елена Шалыгина

72 кг – Жәмилә Бақбергенова

76 кг – Гүлмарал Еркебаева

Айта кетейік, бұл тізім алдын ала сипатқа ие және жарыс басталғанға дейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.