Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Басқа
ҰОК
Анталияда (Түркия) өткен таеквондодан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы жарыстың соңғы күнінде төрт медаль еншіледі. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Батырхан Төлеуғали қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль жеңіп алды.
Ал 74 келіге дейінгі салмақта Эльдар Бірімбай финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Қола медальдарды 63 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Мергенбай мен 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық спортшылар жүлделі орындардан көрінген болатын. Атап айтқанда, 46 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева күміс медаль жеңіп алса, Нодира Ахмедова, Айдана Сүндетбай, Мария Севостьянова және Назым Махмұтова қола жүлдеге ие болды.