Таеквондодан екі қазақ төрешісі әлем чемпионатына шақырту алды

Таеквондодан екі қазақ төрешісі әлем чемпионатына шақырту алды
Басқа

Малика Жандаева. Сурет: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Таеквондодан екі қазақ төрешісі әлем чемпионатына шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Таеквондодан жастар арасында өтетін әлем чемпионатында екі қазақстандық төреші жұмыс істейді.

Халықаралық дәрежедегі төрешілер Малика Жандаева мен Дәурен Алғабаевқа Дүниежүзілік таеквондо федерациясынан (World Taekwondo) шақыру хаты келді.

Жастар арасындағы Әлем чемпионаты 12-17 сәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.