Қазақстан құрамасы қос ойыншысының командасы ҚХЛ Құрлық кубогын иеленді
Хоккей
Валерий Орехов. Сурет: Ольга Бугаева/ҚХФ баспасөз қызметі
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін командасы Құрлық Кубогының иегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қорғаушы Валерий Орехов пен шабуылшы Никита Михайлис өнер көрсететін магнитогорскілік "Металлург" тұрақты чемпионатты мерзімінен бұрын бірінші орынмен аяқтады. Магнитогорскілік ұжым бұл нәтижеге "Салават Юлаевты" овертаймда 2:1 есебімен жеңгеннен кейін және "Локомотивтің" екатеринбургтік "Автомобилистен" 1:4 есебімен жеңілгенінен кейін қол жеткізді.