Қазақстанның бірінші ракеткасы Америкадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис
Анна Данилина және Александра Крунич. Сурет: ASP
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 жарысының жұптық сайысында қазақстандық Анна Данилина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Сербиялық теннисші Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан Данилина ширек финалда Мирра Андреева - Виктория Мбоко дуэтіне қарсы ойнады.
Бірінші сеттің жеңімпазы тай-брейкте анықталса, екінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп айқын басымдықпен жеңіске жетті - 6:2.
Осылайша, Крунич пен Данилина ресейлік-канадалық жұпты жарыс жолынан шығарды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина мен Александра Крунич финал жолдамасын испаниялық-америкалық Кристина Букша - Николь Меличар жұбымен сарапқа салады.