Қазақстан футбол федерациясы ҚПЛ клубтар санын қысқартуды қарастыруда
Футбол
ҚФФ Қазақстан Премьер-лигасына қатысатын клубтар санын қайта қысқарту мәселесін талқылауда, деп хабарлайды AmanVibe арнасы.
Еске сала кетейік, өткен маусымда чемпионатқа 14 команда қатысқан болса, кейін Атқарушы комитет шешімімен олардың саны 16-ға дейін арттырылған еді.
Енді федерация бұрынғы форматқа оралу мүмкіндігін қарастырып отыр. Басты себептердің бірі — инфрақұрылым мәселесі.
ҚПЛ-дегі бірқатар клубтардың заманауи стадиондары мен оқу-жаттығу базаларының талапқа сай болмауы турнир сапасына әсер етуде деген пікір бар.
Дереккөз мәліметінше, бұл өзгерісті жақын маусымда енгізу екіталай. Алайда алдағы кезеңде талаптар қатаңдатылып, еуропалық стандартқа сай стадионы жоқ клубтардың төменгі лигаға жіберілуі мүмкін.