Елена Рыбакина 2026 жылы 4 миллион доллардан астам табыс тапты

Елена Рыбакина 2026 жылы 4 миллион доллардан астам табыс тапты
Теннис

GOV.KZ

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда турнирлерден түскен табысы бойынша жоғары көрсеткішке жетті.

Биылғы маусымдағы ең ірі жүлде Australian Open турниріндегі жеңісі үшін берілді — 2 739 365 доллар. Сонымен қатар, Indian Wells Masters жарысының финалына дейін жетіп, 612 340 доллар иеленді. Ал Miami Open турнирінің жартылай финалы үшін 340 190 доллар алды.

Басқа жарыстардағы табыстары:

Штутгарт турнирі (жеңімпаз) — 190 143 доллар

Доха турнирі (ширек финал) — 98 500 доллар

Дубай турнирі (1/8 финал) — 49 250 доллар

Брисбен турнирі (ширек финал) — 37 640 доллар

Осылайша, Елена Рыбакинаның 2026 жылдың басынан бергі жалпы табысы 4 067 428 долларды құрады.