Қазақстан боксшылары Әлем кубогінің алғашқы күнінде қандай нәтиже көрсетті
GOV.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының бес өкілі шаршы алаңға шықты.
60 келіге дейінгі салмақта Жансері Көшербаев ирландиялық Джуд Галлахерге төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді. Ал 70 келіде Фарух Токтасынов ирландиялық Джон Макконнеллді дәл сондай шешіммен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов жапониялық Каи Ториябемен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал 90 келіде Дәулет Төлемісов бразилиялық Исайас Фильодан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.
Әйелдер арасында 54 келіде Назым Қызайбай түркиялық Айшен Ташкынды төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, жарысты сәтті бастады.
Осылайша, алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш жеңіс пен екі жеңіліс тіркеді.