Қазақстан боксшылары бокстан Әлем кубогы 2026 кезеңі аясындағы алғашқы қарсыластарын білді
ҚБФ
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін World Boxing ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңіне жеребе тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жектері төмендегідей:
51 кг – Даниял Сабит — Иштван Сака (Венгрия)
55 кг – Бағлан Кенжебек — Жирайр Саргсян (Армения)
60 кг – Жансері Көшербаев — Джуд Галлахер (Ирландия)
65 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Хассен Атиа (Тунис)
70 кг – Фарух Токтасынов — Джон Макконнелл (Ирландия)
75 кг – Санжарали Бегалиев — Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)
80 кг – Диас Молжігітов — Каи Ториябе (Жапония)
85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы — Паоло Карузо (Италия)
90 кг – Дәулет Төлемісов — Исайас Фильо (Бразилия)
Аталған турнир 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз салмақ дәрежесінде, ал әйелдер құрамасы жеті салмақта бақ сынайды.