Ризабек Айтмұхан реванш алдындағы көз арбасуға қатысты

Ризабек Айтмұхан реванш алдындағы көз арбасуға қатысты
Күрес

olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен реванш алдындағы дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты.

Қос балуанның жекпе-жегі АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирі аясында ұйымдастырылады. Қазақстан уақыты бойынша белдесу 19 сәуір күні таңертең өтеді. Кездесу алдында Ризабек пен Кайл Снайдер бетпе-бет кездесіп, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінің алдында суретке түсті.

Айта кетейік, бұл кездесуде Кайл Снайдер жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды. Ал Ризабек Айтмұхан үшін бұл — былтыр Алматыда кеткен есенің қайтарымын алуға тамаша мүмкіндік.

Еске салсақ, олардың алдыңғы белдесуінде америкалық балуан айқын басымдық танытып, қазақстандық спортшыны 8:0 есебімен жеңген болатын. Енді Ризабек алдағы реваншта сол жеңілістің есесін қайтаруға тырысады.