FC Astana U-17 – Футзалдан Қазақстан чемпионы

FC Astana U-17 – Футзалдан Қазақстан чемпионы
Футзал

2025–2026 жылғы футзалдан Қазақстан чемпионатында FC Astana U-17 командасы жоғары деңгей көрсетіп, ел чемпионы атанды.

Финалда олар Сақтаған академиясы ұжымын 4:1 есебімен жеңді. Ал үшінші орын үшін кездесуде Бәйтерек Каспий командасын 2:1 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды.

Жеке марапаттар да өз иелерін тапты. Каспий сапынан Жан Пурханатдин үшінші орын ойынының үздік ойыншысы атанды. Сақтаған академиясы құрамынан Жан Усербаев үздік шабуылшы деп танылды. Ал чемпиондар қатарында Қуат Исмаил – турнирдің үздік ойыншысы, Маратов Ануар – үздік қақпашы атанды.

Еркенұр Дәуренқызы