Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

Әлеуметтік желі
Португалиялық әйгілі шабуылшы Криштиану Роналду жақын күндері өз болашағына қатысты шешім қабылдайды, деп хабарлайды Bassport.kz Николо Скираға сілтеме жасап.
Инсайдердің айтуынша, 40 жастағы Роналду кемінде тағы екі маусым кәсіби деңгейде ойнауды жоспарлап отыр. Ол қазіргі уақытта бірнеше ұсыныс алған және мансабын Сауд Арабиясында жалғастырумен қатар, өзге елдердің клубтарын да қарастыруда.
Айта кетейік, Роналду қазір “Аль-Наср” клубында өнер көрсетіп жүр. Биылғы маусымда ол 28 матчқа қатысып, 23 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Криштиану - “Алтын допты” бес рет иеленген футболшы. Ол бұған дейін “Спортинг”, “Манчестер Юнайтед”, “Реал Мадрид” және “Ювентус” клубтарында ойнаған. Жақында ғана оның Испаниядағы бір клубтың иесі атануы мүмкін екені де белгілі болды.