«Тоттенхэм» 41 жылдан кейін еурокубок жеңіп алды

«Тоттенхэм» 41 жылдан кейін еурокубок жеңіп алды
Футбол

2024/25 маусымындағы УЕФА Еуропа лигасының финалында ағылшындық «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» командалары кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz

Ойын Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес» стадионында өтті. Кездесу 1:0 есебімен «Тоттенхэмнің» пайдасына аяқталды. Жеңіс голын 42-минутта жартылай қорғаушы Бреннан Джонсон соқты. Осылайша, «Тоттенхэм» клубы тарихында екінші маңызы бар еурокубок турнирінде жеңіске жетіп, 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Айта кетейік, бұл - лондондық клубтың соңғы 41 жылдағы алғашқы еурокубогы. Бұған дейін олар 1972 және 1984 жылдары УЕФА кубогын (қазіргі Еуропа лигасы) жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, команда 2008 жылдан бері алғаш рет ресми трофей иеленіп отыр. Ол кезде «Тоттенхэм» Англия Лига кубогында топ жарған еді.