«ПСЖ» Президенті - журналистерге: «Сіздер әрқашан бізді сынайсыздар, біз Чемпиондар Лигасын ұттық»

Футбол
Getty Images
«ПСЖ» президенті Нассер Аль-Хелаифи командасы Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» 5:0 есебімен жеңгеннен кейін, журналисті клубқа шамадан тыс сын айтқаны үшін айыптады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Сіздер үнемі бізді сынайсыздар, бізге сенбейсіздер. Бүгін біз жеңіске жете алатынымызды дәлелдедік – біз Чемпиондар лигасының жеңімпазымыз! Біз мақтан тұтарлық командамыз. Біз тек Париж үшін емес, бүкіл Франция үшін ойнадық. Бізде жанкүйерлер өте көп, және біз соны мақтан етеміз. Бапкерге, футболшыларға, Луиш Кампушқа (ПСЖ-ның стратегиялық кеңесшісі — ред. «Чемпионат») және бұл жетістікке үлес қосқан барлық адамға алғыс айтқым келеді», — деп келтіреді Аль-Хелаифидің сөзін RMC Sport.
Айта кетейік, бұл Чемпиондар лигасындағы «ПСЖ» тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар, «Интерге» қарсы 5:0 есебі – Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпиондары кубогы финалдарындағы ең ірі есеп болып тіркелді.