Арман Царукян осы жылдың соңына дейін тағы бес жекпе-жек өткізуге дайын

Арман Царукян осы жылдың соңына дейін тағы бес жекпе-жек өткізуге дайын
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 кг дейін) рейтингінде бірінші орында тұрған Арман Царукян биылғы жылдың соңына дейін үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Америкаға ұшып барамын, сол жақта дайындалып, диетамды ұстап тұрамын. Топурия мен Оливейраның жекпе-жегін күтемін. Егер солардың бірі жарақат алып немесе шығып қалса, орнына мен шығамын. Одан кейін, егер UFC маған Дэн Хукерді немесе Джастин Гэтжиді берсе, тамыз – қыркүйек айының басында жекпе-жек өткіземін. Жыл соңына дейін титул үшін айқасуға дайын боламын.

Бос жатпаймын. Үлкен ықтималдықпен Хукермен жекпе-жекке шығамын, себебі UFC Гэтжиді Пэдди Пимблетпен кездестіреді деп ойлаймын», – деді Царукян Камил Гаджиевтің YouTube-арнасына берген сұхбатында.