Роман Асранқұлов қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан құрамасынан кетті

Футбол
Kazfootball.kz
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Тобыл» клубының қорғаушысы Роман Асранқұлов достастық кездесу қарсаңында команда базасынан шығып кетті, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайында бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
— Романның отбасында ауыр жағдай болды. Таңертең өзі келіп, мән-жайды айтып, рұқсат сұрады. Бұл – өмір. Өкінішке қарай, мұндай сәттер болады. Біз ойыншымызға жанашырлық танытып, қолдау көрсетуіміз керек, – деді Әлиев.
Айта кетейік, 5 маусым күні Қазақстан құрамасы Борисов қаласында Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 9 маусымда Әли Әлиевтің шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македониямен кездеседі. Бұл ойын «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де басталады.