Жером Ротен Килиан Мбаппенің Франция құрамасының баспасөз конференциясына қатыспауын бағалады

Getty Images
Бүгін Франция құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Испаниямен кездеседі. Кеше өткен ойын алды баспасөз-мәслихатына міндетті түрде құрама ойыншысы мен бас-бапкер қатысуы керек болатын. Бірақ, белгісіз себептермен бұл жиынға құрама капитаны Киллиан Мбаппе қатыпады. Бұл туралы франциялық экс-футболшы Жером Роттен пікір білдірді деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Кейде оның баспасөз конференциясына келмей қалуы мені аса мазаламайды, өйткені ол онсыз да жиі сөйлейді. Бірақ [бұл жолы] ол әдейі келмеді, себебі оның алдында “ПСЖ”-ның Чемпиондар лигасын жеңуі туралы сұрақтар қойылары анық еді. Ал ол өз ренішін жасыра алмас еді.
Ол жауапкершілікті мойнына алуды ұнатпайды. Бірақ ол жай ғана келіп: “Мен ПСЖ-да тамаша жылдар өткіздім, алайда ащы дәм қалды. Бұл үшін мен де, клуб та жауаптымыз. Қазір олардың Чемпиондар лигасын жеңгенін көріп, аздап көңілім түсіп тұр” деп айтуына болар еді. Осылайша барлығын түсіндіре алатын еді.
Сонымен қатар, одан «Алтын доп» жайлы да сұралатын еді. Ол Усман [Дембеле] көрсетіп жүрген ойынына қатты қуануы керек. Бірақ өзі әлі де «Алтын допты» армандайды», – деді Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы.