Давид Трезеге: Мбаппе клубтық әлем чемпионатында бәрінен кек алуға тырысады

Getty Images
Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Давид Трезеге «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің болашағы мен амбициялары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Championat.com сайтына сілтеме жасай отырып.
– Мбаппе – Еуропаның үздік сұрмергені, бірақ Чемпиондар лигасын жеңе алмады. Оның болашағы туралы не ойлайсыз?
– Мбаппе әлемдегі үздік үш-төрт ойыншының қатарында, бұны ашық айту керек. Әрине, клуб деңгейінде ол әлі жеңіске жете қойған жоқ. «Реалда» болған кезде сенен жалғыз талап етілетіні – бұл жеңіс. Ол әлі Ла Лигада да, Кубокта да, Чемпиондар лигасында да жеңген жоқ. Соған қарамастан, жекелей деңгейде Мбаппе керемет өнер көрсетті және, әрине, оның басты мақсаты – «Реалмен» бірге трофейлерге қол жеткізу. Ол клубтық әлем чемпионатында барлығынан өш алуға тырысады. Оның үстіне, ол бұл жарыста Хаби Алонсоның қол астында ойнайды. Алонсо – «Реалдың» бұрынғы ойыншысы, бұл клуб – оның үйі, сондықтан ол мұнда өзін қалай ұстау керегін жақсы біледі. Ол «Байерде» тамаша мансап жасады, енді жаңа ортаға бейімделіп, «Реалға» сапа алып келуі керек. Менің ойымша, Мбаппенің командада болуы – бұл мәселе емес, керісінше шешім, – деді Трезеге «Чемпионат» тілшісі Ульяна Лукьянченкоға эксклюзивті сұхбатында.