Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының масқара жеңілісіне пікір білдірді

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының масқара жеңілісіне пікір білдірді
Футбол

Әлеуметтік желі

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат «Найман» Хамитов Беларусь құрамасынан ойсырай жеңілген футболшыларға қатысты әлеуметтік желіде өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Еске салайық, жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 1:4 есебімен жеңіліп, жанкүйерлердің наразылығына ұшырады.

— Қуат ағаны тыңдап, он жыл бұрын қазақ футболын жауып тастау керек еді! Қазір біз де өзбек бауырларымыз секілді әлем чемпионатында ойнап жүретін едік! — деп жазды Хамитов Instagram-дағы спорт парақшаларының біріндегі пікірінде.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы 5 маусым күні Біріккен Араб Әмірліктерімен 0:0 есебімен тең ойнап, тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу аясындағы келесі ойынын 9 маусымда Астанада Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.