Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын сынға алды

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын сынға алды
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының промоутерлерін сынға алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Адаместің пікірінше, Top Rank Boxing компаниясы Жәнібекті өзімен жекпе-жектен «сақтап жүр». Жақында Карлос әлеуметтік желі Х-та екінші орта салмақта (168 фунт) WBA титулы үшін жұдырықтасқысы келетінін меңзеген еді. Бір жазылушы одан неге 160 фунтта абсолют чемпион болуға тырыспайтынын және «Қазақ стилімен» айқасқа неге ұмтылмайтынын сұрады. Оған Адамес:

«Top Rank өз жігітіне сенбейді», — деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Карлос Адамес соңғы жекпе-жегін ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында британдық Хамза Ширазға қарсы өткізіп, тең нәтижемен чемпиондық белбеуін сақтап қалған болатын.