«Барселона» Колумбиялық шабуылшыға қызығушылық танытуда

«Барселона» Колумбиялық шабуылшыға қызығушылық танытуда
Футбол

Getty Images

«Барселона» Луис Диасты өз қатарына қосу мәселесін талқылау үшін «Ливерпульмен» байланысқа шықты. Алайда ағылшындық клуб колумбиялық вингерді сатудан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, The Athletic басылымына сілтеме жасай отырып.

The Athletic басылымының хабарлауынша, кеше каталониялық клуб Диасты алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында мерсисайдтықтармен байланысқан. Бірақ «Ливерпуль» ойыншы сатылмайтынын жеткізген. Команданың бас бапкері Арне Слот келесі маусымда Диастың көмегіне сенім артады.

Өткен Премьер-лига маусымында Луис Диас 36 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.